Келер жылы ел тұрғындары ипотеканың жаңа түрін рәсімдей алады. Бұл туралы брифингте сөз сөйлеген Отбасы банк басшысы айтты.
Бағдарлама жас отбасыларға арналған. Оған қатысу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ.
— Соңғы кезде бір баламыз бар, бірақ баспанамыз жоқ, мемлекеттік қызметкер болмағандықтан, кезекке тұра алмаймыз деп жүгінген тұрғындар көп болды. Солар үшін бағдарлама әзірлегіміз келеді, — деді Ләззат Ибрагимова.
Жаңа бағдарлама бойынша мөлшерлеме 9 % болады.
Басқа шарттары «7-20-25-ке» ұқсас:
Отбасы банк облигация шығарады деген болжам бар, өйткені кредит рейтингі бәрінен жоғары (трипл би).
— Барлық шарты, мүмкіндіктері мен механизмдері 2024 жылы белгілі болады.
По сообщению сайта Крыша