Абай облысының прокуратурасы «Семей Орманында» өртеуге арналған дайындамаларды тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған дайындамаларды уәкілетті орган «Семей орманы» МОТР» РММ-нің Семипалатинск филиалының Краснокордон орманшылығы аумағында рейдтік іс-шаралар барысында тапты.
Мәселен, 28.10.2023 жылы №№ 172 және 175 кварталдарында «Қарағай» тұқымдас ағаштардың астында 3 дана «Шатыр» тәрізді құрылыс дайындамалары және бірнеше дана дөңгелектен құрсым орнатылды, осындай факт 05.11.2023 жылы №1 кварталда табылды, олар сол жерде дереу бөлшектелінді.
Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында.
Қазіргі уақытта Семей қаласының полиция басқармасы анықтаған дайындамалар фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Қылмыстық істі тергеуді Абай облысының прокуратурасы бақылауға алды.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press