Абай облысында төрт бала өртте қайтыс болды

Дата: 26 октября 2023 в 14:59 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Аягөз қаласында үй өртеніп, оның ішінде болға төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал түсті. 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге кетті.

 

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 ш. м. жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат  11:10-да оқшауланып,  11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда. 

Оқиға орнында төрт баланың денесі табылды» — делінген хабарламада. 

 

Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай ЖАО бақылауында.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press