ҰБТ-дан төмен балл жинаған Астана қаласының тұрғыны қандай жолмен болмасын оқуға түсуді ойлаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
12 қазанда Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордалық полицияға жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Ол балы төмен болып түсе алмай қалған оқу орнына кіру үшін пара бергенін мойындаған. «Жоғары жақта танысым бар» деген бір жігіт оған 1,5 млн теңгеге оқуға түсіруге уәде еткен.
Ол студент атану үшін алдын ала 600 мың теңге төлеуге келіскен, алайда «жоғары жақта танысы бар адам» ақшаны алып, хабарсыз кеткен. Астаналық жігіт алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға хабарласқан.
Полицейлер күдікті ретінде 28 жастағы жігітті ұстады. Оның тағы бір осындай іске қатысы бар екені анықталды.бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press