Семейде студенттік жатақханалардың бірінің жанында түнгі уақытта жастар дәстүрлі студенттерге арнау рәсімін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жастардың іс-әрекеттеріне шағымданды.
«20 жастағы ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі бойынша жеке тұлғалардың қалыпты демалуына және тыныштығына кедергі келтіретін шұғыл қажеттілікпен байланысты емес шуылмен бірге таңғы 22-ден 9-ға дейінгі тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», делінген ПД баспаспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған баптың санкциясымен жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
Айта кетсек, жыл басынан бері Абай облысының полицейлері түнгі тыныштықты бұзғаны үшін бір жарым мыңға жуық облыс тұрғындарын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сурет: видеодан скриншот
По сообщению сайта Arna Press