Денсаулық сақтау министрлігі жастардың энергетик сусындарды сатып алуына тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 11-15 жастағы жасөспірімдердің энергетик, тәтті сусындарды ішуі 17,5%-ға тең.
«21 жасқа дейінгі адамдарға энергетик сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізіліп жатыр», — деді Ажар Ғиният.
Темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді. Тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптер), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу бойынша мәжілісте Заңға өзгерістер қарастырылды.ама
Елімізде ересек тұрғындардың 21%-ы темекі тартады. Балалардың 20%-ы артық дене салмағынан, ал 6%-ы семіздіктен зардап шегеді.
Сурет: pexels
По сообщению сайта Arna Press