Туризм және спорт министрлігі Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 19-шы Азия ойындарына Қазақстаннан 525 спортшы қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысып келеді.
«Қазақстан Ханчжоуға спорттың 30 түрінен 525 спортшыны жеткізеді. Оның 27-сі Олимпиада бағдарламасына енген, қалған үшеуі олимпиадалық емес спорт түрлері. Сонымен қатар, алдағы жарыста олар Париж Олимпиадасына жолдама алады. 8 спорт түрі бойынша. Олар: бокс, садақ ату, заманауи бессайыс, жүзу, брейк, допты хоккей, теннис және жеңіл атлетика. Спорттың 4 түрінен рейтингтік ұпайлар ойынына қатысады. Олар: тхэквондо, дзюдо, триатлон, бадминтон», — деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.
Сонымен қатар, департамент Азия ойындарында жүлделі орын алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын ақшалай ынталандыру көлемін бұған дейін жариялаған болатын.
Атап айтқанда, Азия ойындарының чемпионы атанған спортшы 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алады. Ал алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған бапкер – 5 мың АҚШ доллары. Құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері 5 мың АҚШ доллары, бапкері 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Сондай-ақ қола медаль жеңіп алған командалық спортшыға 3000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынталандыру және оның жаттықтырушысы үшін 2000 доллар сыйақы қарастырылған.
«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, Қазақстан құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласына келіп үлгерген. Бейсенбі күні Қазақстан туын көтеру рәсімі, сенбі күні ойындардың ресми ашылуы болады деп күтілуде.
Бұрын хабарланғандай, Азия ойындарының ашылу салтанаты 23 қыркүйекте Олимпиадалық спорт орталығының стадионында өтеді. Жарысқа құрлықтың 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Сурет: olympics.com
По сообщению сайта Arna Press