Астана билігі үй салуға шектеу қояды

Дата: 19 сентября 2023 в 14:37 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бүгін өткен баспасөз конференциясында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев инфрақұрылымға қатысты мәселе туындағандықтан, бас шаһарда үй құрылысын бәсеңдету керек деп мәлімдеді.

— Қазір құрылыс қарқынын бәсеңдетіп, бірінші кезекте тұрғын үйге инженерлік желі тартуға мән беру қажет. Әйтпесе, пәтеріне қоныстанған тұрғындар сусыз, жылусыз қалады. Біз алдымен инфрақұрылымды реттеп, содан кейін ғана үй салуды жоспарлауға тиіспіз, — деді министр.

Биыл елорда су мен жылудан қатты тарықты. Шенділер бұған халық санының артуы мен бейберекет жүріп жатқан құрылыс жұмыстары себеп болды деп санайды.

Министр мәселе шешілген соң қалада баспана құрылысы қайта жанданатынын атап өтті.

Біраз уақыт бұрын сарапшылар Krisha.kz-ке Қазақстанның ірі қалаларында құрылыс қарқыны баяулап, жаңа үйлер қымбаттайды деп айтқан.

Что будет с ценами на жильё и рынком осенью 2023 года

Қаңтар мен тамыз арасындағы нәтижеге көз жүгіртсек, Астана тұрғын үй салу бойынша көш бастап тұр.

По сообщению сайта Крыша