ТЖМ ақпаратына сәйкес, шомылу маусымы кезінде 1 маусымнан бастап 136 адам, оның ішінде 51 бала құтқарылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Тұрғындармен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмаған бала суға батып кетті.
Былтыр шомылу маусымында 184 адам (-4 пайыз), оның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала (-15 пайыз) суға батып кеткен. Оқиғаның көпшілігі жабдықталмаған жағажайда болған.
Суға батып кетудің негізгі себебінің бірі — өз күштерін асыра бағалау, мас күйінде шомылу немесе жүзе алмауы. Ал балалардың өлімінің басты себебі — ересек адамның қарауынсыз қалуы.
Ел бойынша барлығы 612 рұқсат етілген су демалыс орны бар. 4285 орын шомылу үшін қауіпті деп танылып, шомылуға тыйым салынған орындар тізіміне енгізілді.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press