Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан облыстың түкпір-түкпіріндегі көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Inaktau.kz сайтының хабарлауынша, нөсер жаңбыр салдарынан Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің төбесінен су атқылаған. Спорт сарайының шатыры мұндай ағынға төтеп бере алмаған.
Көшелер мен жолдарды су басып қалғаны сонша, жүру мүмкін болмады. Жаңаөзен қаласының әкімдігі су тасқыны Рахат және Теңге ауылдарында болғанын хабарлады.
Коммуналдық мекеме мәселені тез шешпек: 12 су соратын техника, қалалық төтенше жағдайлар бөлімі және 5 мотопомпа жұмыс істеп тұр. Жағдайға байланысты ауысып және түнгі уақытта жұмыс істеу жоспарланып отыр.
Бұған дейін Жетісу өңіріндегі су тасқыны туралы жазған едік: Ескелді ауданының бірнеше ауылында 21 үй су астында қалды.
Сурет: видеодан скриншот
По сообщению сайта Arna Press