Қостанайда астық қоймасына найзайғай түсіп, құрылым бөлініп кетті, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 1 тамызда сағат 21.50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлады (екі астық қоймасы).
«Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген. Бұл жағдай авария ретінде тіркелді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.
Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін департамент аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрады.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.
Сурет: ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
По сообщению сайта Arna Press