Кадрлардан балалар ұйықтайтын бөлменің қабырғаларынан бояуы кеткені көрінеді, жайлы деп айтуға да келмейді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мой город» сайтында жарияланған материалда балалар жататын төсектер бір-біріне тым жақын орналасқаны көрінеді, ал санитария дәрігерлердің нұсқауы бойынша жатын бөлмесіндегі орын саны бір балаға төрт шаршы метрден есептелуі керек.
Балалар құқығын қорғау комитеті жұмыс тобының лагерьге кеткенін хабарлады.
«Оқу-ағарту министрлігі мен Білім басқармасының өкілдері орталықта балалардың тұру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын тексереді. Бұған дейін Қонаев атындағы білім бөлімі осы жекеменшік «Бәйтерек» лагерінде мониторинг жүргізген. Оның барысында лагерьде СЭС рұқсаты бар екені анықталды», — деді комитет өкілдері.
Оқиға орнында прокурорлар да бар.
Фото: Сандугаш Дуйсенова/Instagram
По сообщению сайта Arna Press