Абай облыстық сотта журналистерге арналған брифинг өтіп, жарты жылда жылда атқарылған жұмыс туралы баяндалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Абай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Назгуля Абдуалиеваның айтуынша қаңтар оқиғасына байланысты екі іс қаралуда.
«Қаңтардағы оқиғаларға қатысты істерге келер болсақ, қазіргі уақытта бізде бір іс алғашқы инстанцияда қарау сатысында, тағы бір іс апелляциялық сатыдағы сотта тұр» – деді Назгуля Абдуалиева.
Бұл істер әлі заңды күшіне енбегендіктен, басқа ақпарат жариялауға келмейді, деп қосты сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы.
Айта кетейік, бүгінде Абай облысында 20 сот бар. Ең соңғысы болып тергеу соты жұмысын бастады.
Сурет: ашық дереккөздерден, Arnapress.kz
Бақытгүл ҚАЗЕЗ
По сообщению сайта Arna Press