Дәрігер аптап ыстықта жаттығудың қауіпті екенін ескертті

Дата: 28 июня 2023 в 18:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дәрігерлер ыстық ауа райында қарқынды физикалық белсенділік жүрек-қантамыр жүйесіне кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Известия» басылымына берген сұхбатында терапевт дәрігер Елена Тихомирова ыстықта жаттыққан кезде сусыздану, шаршау, жүрек айнуы, бас айналу, бас ауруы, дененің құрысуы, зейіннің төмендеуі сияқты жағдайлар туындауы мүмкін екенін де еске салды.

Елена Тихомирова жаттығу кезінде кофе мен ішімдік ішуге болмайтынын атап өтті, өйткені одан ағза сусыздана түседі.

Терапевт таңертең немесе кешкі уақытта, ауа температурасы төмендеген кезде жаттығуға кеңес берді, ал егер ыстық қайтпаған кезде жаттығуға тура келетін болса, жаттығуды кондиционері бар бөлмеде жасаған жөн екенін айтты. Ол сондай-ақ жаттығу кезінде жеңіл киініп, жеткілікті мөлшерде су ішу керек екенін ескетті.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press