Демалыс күндеріндегі ауа райы: Қазақстанда тағы үсік жүруі мүмкін

Дата: 23 июня 2023 в 18:39 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Еліміз бойынша күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, бұлттар найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, дауыл соғуына себепкер болады, бұрақ жаууы мүмкін.

«26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанды. 26 маусымға қараған түні еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1 °C үсік жүреді»,– делінген хабарламада.

Синоптиктер температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын айтты.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press