Орал тұрғыны Анаргүл Әмірова аталарынан аманаттап Алтын Орда туын осы кезге дейін сақтап келгені туралы Massaget.kz тілшілері сұхбат жазған еді. Аталмыш мақала әлеуметтік желіде біраз пікірталас туғасын Massaget.kz порталының тілшілері ту туралы арнайы фоторепортаж дайындады.
Анаргүлдің туды мемлекет қорғауына алсын деп бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Арыстанбек Мұхамедиұлы, Дәурен Абаев министр кезінде қабылдауларында болған. Ол жалаудың Алтын Орда дәуіріне тиесілі екеніне ешкімді сендіре алмаған. Отандық ғалым Өмір Тұяқбай аталмыш байрақты зерттеп, шынында да Алтын Ордаға тиесілі екенін анықтаған.
Мұражайға қаншама құнды жәдігерді тегін бердім
Мынау солармен жасаған келісім шарт. Мында барлық құжаттар бар. «Тудан 100 грамм материал үлгісін жіберіңіз» деді. Жібердім. Ол үлгі қайтпайды, жағып жібереді. Соның қалдығынан қарайды. Көміртекті талдау деген сол. «Зерттейміз» деп астынан қаншама рет кесті. Ешқайсысы қайтқан жоқ. Шамамен 9 жылдан бері әртүрлі зерттеу орталығына 8 үлгі жіберген шығармын.
Бейбітшілік пен келісім мұражайына қолымдағы Алтын Ордаға тиесілі сынған ақинақты (66 см), сақ дәуірінен қалған құмыраны, ХІХ ғасырға тиесілі иконаны (22х26 см), Алтын Ордаға тиесілі самұрықтың басын (таза алтын) сыйға тарттым. ХVІ ғасырға тиесілі әшекейлерді де тегін бердім.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыз.
По сообщению сайта Tengrinews