Астанадағы адамдарды кепілге алу оқиғасы: Мурадовқа қандай жаза тағайындалу мүмкін?

Дата: 19 июня 2023 в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тергеу мүддесіне байланысты соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Алайда қылмыс жасаған күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабы 2-бөлігі («Кепілге алу») бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, ол мүлкін тәркілеп немесе тәркілемей жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады», — деп хабарлады ІІМ.

Еске салайық, Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

Сурет:  Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press