Семей тұрғыны Сұлтанбек Саятұлы жұмыс бабымен Өскемен қаласынан қайтып келе жатқанда түсірген фото, бейнематериалдарын Arnapress.kz редакциясына жолдады.
«Жолда ұйықтап кеткем. Жүргізуші оятып, айналаңа қара, деді. Құдды бір қорқынышты кинодағы эпизодты көргеней болдым. Аспан қара түтінге оранды. Алыстан қарап тұрған бізді үрей алды, ал өрт ішінде жүрген жігіттер мен жақын орналасқан ауыл тұрғындары қандай сезімде екенін ойлаудың өзі қорқынышты», деді семейлік.
Жергілікті атқарушы орган өкілдері хабарланғандай, елді мекендерге төнетін барлық қауіп өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеті нәтижесінде барынша азайтылады. Дегенмен, қара түтін Семейдің түрлі аудандарынан көрініп тұр.
Сондай-ақ, Абай ауданының Архат ауылында да түтіннің иісі мүңкіп тұр, дейді ауыл тұрғындары.
Публикация от
По сообщению сайта Arna Press