Тбилисиде (Грузия) 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында ITF Juniors J60 сериясының халықаралық турнирі өтіп, онда қазақстандық Әмір Омарханов екі номинация бойынша жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды теннис мектебінің 15 жасар оқушысы Әмір Омарханов жеке және жұптық сында турнир жеңімпазы атанды. Жеке разрядтың финалында теннисшіміз әзірбайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Титулға жету жолында жерлесіміз бір де бір сетте жеңілген жоқ.
Жұптық кездесуде Әмір болгариялық Иван Найденовпен қазақстандық Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепин жұбын 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Осылайша, Омарханов ITF Juniors турнирінде өзінің бесінші жүлдесін жеңіп алды, оның екеуі жекелей сында, делінген хабарламада.
Осы жетістігінің арқасында Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингте 298-орынға көтерілді.
Сурет: ktf.kz
По сообщению сайта Arna Press