Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның ішінде 70,6% – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа этнос өкілдері», — делінген хабарламада.
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн. Орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың. Өзбектер Түркістан облысында көп – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында тұрады: 120 мың адам.
Сурет: Ұлттық статистика бюросы
По сообщению сайта Arna Press