Зауыт құрылысың жобасы, сондай-ақ ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын рекультивациялау жұмыстары инвесторлар есебінен толығымен қаржыландырылады.
Семейде қоқыс өңдеу желісі бар жаңа полигонның құрылысы әлдеқашан күтілуде, өйткені қазіргі қолданыстағы полигон ескі. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «AMK Global» компаниясының өкілдерімен кездесуде айтты, — деп хабарлайды Arnapress.кz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз нөлдік қалдықтарды қайта өңдеу тұжырымдамасын әзірледік, ол да экономикалық тұрғыдан тиімді болады. Біз қуаттылығы күніне 500-ден 2 мың тоннаға дейінгі зауыт туралы айтып отырмыз», — деді «AMK Global» компаниясының өкілі Андреас Карстен.
Сонымен қатар, жаңа технологиялардың арқасында экономикалық тиімділікке қол жеткізу көзделуде
Қолданыстағы полигонға 40 жылдан астам уақыт болды. Ол адамдарға, экологияға зиян келтіреді, әуе кемелерін пайдалануға қиындықтар туғызады. Бізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экология министрлігімен жаңа полигон салу туралы келісім бар. Жоба әзірленуде. Сондықтан мерзімдер туралы нақты түсінік қажет, — деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.
Инвестор өкілдері дайындықтың ең қысқа мерзімдері (3 айға дейін), сондай — ақ ескі полигонды қалпына келтіру мүмкіндігі туралы сендірді. Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Сурет: nsktv.ru
По сообщению сайта Arna Press