Семейде Ертіске құлап кеткен баланың денесі табылды

Дата: 22 апреля 2023 в 21:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семейде Ертіске құлап кеткен 7 жасар баланың денесі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 21 сәуірде Семейде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар депратаментінің мәліметінше, кеше сағат 19.56-да 112 пультіне аквапарк маңында баланың суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына құтқару бөлімшелері бірден жіберілген.

«21 сәуірде өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылы туған бала суға құлап кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, бүгін сағат 09:45-те ұл баланың денесі табылды. Оны өтіп бара жатқандар оқиға орнынан 15 шақырым жерде Ертіс жағасынан тауып алған», — делінген Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Баланы іздеуге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 20 адам, 6 техника және 3 жүзу нысаны, LIDER.KZ қозғалысының 20 еріктілері, баланың 10 туысы, 50 полиция қызметкері жұмылдырылған.

Сурет: Tengrinews.kz

 

По сообщению сайта Arna Press