Ақтөбе облысында жарықсыз қалған 40 ауылдың 19-ына электр энергиясы берілді — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кешегі жаңалықтарымызда қолайсыз ауа райының салдарынан облыстың 7 ауданында жарық өшкенін көрсеткен едік. Қатқан мұзды көтере алмай, электр сымдары үзілген. Кейбір елдімекендерде бағаналар құлаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Жауаптылар кешке дейін Мәртөк ауданында жағдай толықтай қалыпқа келтірілгенін хабарлады.
Қалған ауылдарда да жөндеу жалғасып жатыр. Электр энергиясы бүгін барлық ауылға толық берілуі тиіс.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press