Абай облысының прокуратурасы 17 млрд теңгеден астам қаражатқа мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықтады

Дата: 12 апреля 2023 в 17:48 Категория: Происшествия

Абай облысының прокуратурасы ағымдағы жылы 17,6 млрд теңгеге 304 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 12,7 млрд астам сомаға 55 заңсыз сатып алудың алдын алынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Әкімшілік жауапкершілікке 10 тұлға, оның ішінде 1 аудандық маңызы бар қаланың әкімі, тәртіптік жауапкершілікке 27 тұлға, оның ішінде 2 кент әкімі және 2 аудандық бөлім басшысы тартылды.

Ең жиі бұзушылықтар сатып алуды өткізудің тиісті емес тәсілімен, оларды міндетті болған кезде жобалық-сметалық құжаттамасыз жариялаумен, бәсекелестік ортаны болдырмайтын жоғары талаптар қоюмен байланысты.

«​Сондай-ақ, бюджетті тиімсіз жоспарлау фактілері анықталды. ​Мысалы, 440 млн. теңгеге жолдарды орташа жөндеуге конкурс жарияланған кезде техникалық ерекшелікте жол учаскесі көрсетілген, бұл бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның жөндеуі жоспарланған.​Прокуратура актісі бойынша конкурс тоқтатылды, бөлінген 294 млн.теңге жолдың басқа мұқтаж учаскесін жөндеуге қайта бөлу жоспарлануда», — делінген ресми хабарламада. 

​Басқа жағдайда, көшені жарықтаныру жұмысы жоспарланған, дегенмен іс жүзінде мүлде жасалмаған және оны салуды қажет етеді.

​Бұл конкурс хабарландыру сатысында тоқтатылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press