Кәмелетке толмаған бала көлік ұрлап, жол апатына түсті

Дата: 25 марта 2023 в 21:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Таразда мейрам күндері жантүршігерлік жол апаты болды. Кәмелет жасына толмаған тұрғын мінген Toyota көлігі негізгі жолда келе жатқан LADA автокөлігін соққан. Апаттан бір адам көз жұмған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

«Мен жақын маңда тұрамын, жұмысқа кетіп бара жатқан кезде бір дауыс естідім. Оқиға орнына барып, кейін көрдім. Жантүршігерлік жағдайды айтып жеткізу мүмкін емес», — деді куәгер Айбек Бекхожаев.

Көлік қақтығысының қатты болғаны соншалықты, соққы алған автомобиль арықтан ары ытқып, бірнеше рет аударылып, ғимарат қабырғасына барып, бірақ тоқтаған.

«Қабырғаға соғысқан көліктің сау-тамтығы қалған жоқ. Екінші көлік жолдың шетінде тұрды. Арғы жақта полицейлер куәгерлермен әңгімелесті», — деді тағы бір куәгер Имран Тохтыев.

Полиция департаменті апат салдарынан бірнеше адамның жарақат алғанын айтты. Қазір қажетті зерттеулер тағайындалып, кінәлі тарап анықталып жатыр.

«Биыл 23 наурызда 07:00 шамасында Toyota және LADA Largus көлігі соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан оқиға орнында 1 адам қаза тапты. Аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ал қалалық көпсалалы ауруханаға бірнеше дене жарақатын алған, атап айтқанда кеуде қуысы, белінен жарақат алған 2 азамат барған.

«Оларға дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсеттілді. Кезекші дәрігер тексеріп, тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді», — деді қалалық №1 көпсалалы ауруханасының дәрігері Дильшот Салиев.

Сурет:Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press