Семейде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады, деп хабаралайды Arnapress.kz тілшісі. Ұлттық ұланда 400-ге жуық сарбаз бар.
Өз таңдауын бірінші болып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Еркен Жанабергенов те жасады.
Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.
Сурет: 5511 әскери бөлімінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press