Енді Абай облысының тұтынушылары «Е-тұтынушы» және «Е-өтініш» ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде шағымдарын қалдыра алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, былтыр «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленді.
Заң жобасы қолданысқа енгізілгеннен кейін тұтынушылардың құқығын қорғау саласында жаңа тетіктер енгізіледі. Бұл салада үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі артып, «Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығы» пайда болады, — дейді мамандар.
Егер кәсіпкер тұтынушымен туындаған дауды сотқа дейінгі тәсілдер арқылы шешпей, іс сотқа тапсырылып, сот шешімі кәсіпкерді кінәлі деп тапса, кәсіпкерге заңда көрсетілген жауапкершіліктен бөлек, тұтынушыға келтірілген шығыннан көлеміне орай 10-50 пайыздық мөлшерде айыппұл салынады. Бұл айыппұл істі сотқа дейін жеткізген қоғамдық ұйымның есебіне аударылады.
Сурет: dzen.ru
По сообщению сайта Arna Press