Құжатсыз балықты тасымалдаған ер адамды патрульдік полиция анықтады.
17 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында «Омбы — Майқапшағай» республикалық трассасынын 790 км-де патрульдеу кезіндегі қызмет барысында инспекторлар ВАЗ автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүк салғыштан 30 келі балық бар екеніне назар аударды, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі облыстық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семей қаласының 60 жастағы тұрғынынынан 2 қап табан, мөңке, көксерке балықтары табылды. Алайда азаматтың рұқсат беру құжаттары болмады.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Фото: Абай облысы Полиция басқармасының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press