Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданының тұрғындары үйдегі жылудын жоқтығына шағымдануды жалғастыруда, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бірнеше күн бұрын, «Қарағайлы» шағын ауданы тұрғындарынан үйлердің салқындығы туралы хабарламалар келді. Артынша қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен, №3 жылыту қазандығы арқылы жылу қуаты арттырылып, жертөледегі ақаулар жойылды. Қазір жылу тұрақты беріліп жатыр.Алайда бірнеше үйдің қабырғаларында жарықшақтар пайда болып, терезелерінде қырау қатып тұрғандығы туралы хабарламалар келіп түсуде.
«Бүгін «Абай облысының Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ техникалық қадағалау сарапшысымен және «ТеплоКоммунЭнерго«МКК жылу инспекциясының өкілдерімен бірге Қарағайлыдағы үйлерге техникалық тексерістер жүргізеді. Техникалық қорытындылар жасалғаннан кейін үйлерді тұрғызған мердігер компаниялар анықталған кемшіліктерді жояды», – деп хабарлайды Семей қаласының әкімдігі.
Егер сіз өзіңіздің пәтеріңізде құрылыс салушы тараптан ақау барын анықтасаңыз, Б. Момышұлы 16 мекенжайына келіп шағым жазуларыңызға болады. Анықтама телефоны: 8 771 540 04 51.
Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press