Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстандағы тасжолдардың ақылы учаскелерінен түскен табыс туралы айтып берді, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуынша, 1 қарашадағы жағдай бойынша 2200 шақырымдық ақылы жолдан жалпы жиынтық 25 миллиард теңгеге жуықтаған.
«Бұл қаражат бірінші кезекте осы жол учаскелерін күтіп ұстауға және ақы алу жүйесін ұстауға бағытталған», − деп түсіндірді Төлеген Абдуллин.
Фото: Mnews.kz
По сообщению сайта Arna Press