Олеся Вяткина кез келген уақытта жануарларға көмектесуге әзір, деп хабарлайды vera.kz
Ол «Пушистый ангел» ұйымындағы жануарларға көмектескенімен қоймай, өз үйінде де бірнеше құтқарылған жануар бар. Қазіргі таңда мұнда алты марғауға күтім жасалуда. Оларды белгісіз біреу кіп-кішкентай қорапшаға нығыздап салып, тастап кетіпті. Әрине, Олеся қарап тұра алмаған.
«Бұларды менің жұмыс орнымның қасындағы аялдамаға, ыстық күнде тастап кетіпті. Қорапшада сегізі жатыр екен. Төртеуін асырауға бердік, ал төртеуін үйге алып кетуіме тура келді. Олар ешкімге қажет емес, бірақ, көшеде тастап кете алмадым. Тағы екеуін ауладан тауып алдым. Балалар ұстап, әбден мазаласа керек, мияулаған дауысты естіп, далаға шықсам, екеуі жатыр екен. Өздері әлі кіп-кішкентай, шприцпен сүт беріп жүрмін», – дейді Олеся Вяткина.
Олеся тек марғауларды емес, үлкен мысықтарға да қамқорлық көрсетуде. Салмағы алты келіге жететін алып Бористің көзі әдемі дейді волонтер. Ал мына ақ мысық тіпті жас, оны асырап алушылар қажет. Тағы аяқтары ақ, өзі қара мысық та бар. Олардың әрқайсысының өмірін Олеся сақтап қалуға сеп болған.
«Бір мысықты иттер талап тастапты. Үш күн бойы қимылсыз жатып, өзіне әрең келді. Ал тағы біреуіне балалар қорлық көрсеткен сияқты, аяғы мен құйрығы сынып, басында үлкен жарықшақ болған. Өкінішке қарай, аяғы жазылмай, кесіп тастауға тура келді. Таяуда тағы бір ақ мысықты тауып, үйге әкелдім, оның қабырғасы жарақаттанған, бір айдан астам уақыт дегенде әрең жазылды. Жалпы, мендегі мысықтардың барлығы стерильденген және піштірілген», – дейді Олеся.
Адамдар қорлаған мысықтарды әрең жазып алса да Олеся адамдардың барлығына өкпелі емес. Үй жануарларын қорлайтындар қаталдықтан істемейді, мәселе олардың дұрыс тәрбие алмауында, дейді волонтер. Сондықтан, тәрбие отбасынан басталады, балаларды жануарларға, қоршаған ортаға деген қамқорлыққа ерте жастан үйрету керек. Ал қаңғыбас ит-мысықтардың мәселесін мемлекеттік деңгейде шешуге туралы келеді.
«Мысалы, Нұр-Сұлтан немесе Алматы қалаларында иесіз жануарларды немесе иелерінің мүмкіндігі жоқ жануарларды стерильдеу тегін жүргізіледі. Бұл – жақсы шешім. Себебі, өзі қаңғыбас ит-мысықтар одан әрі балалап, көбеймейді. Ал асырауға беру – мәселені түбегейлі шешу емес. Асырап алған адам біраз уақыттан кейін оны далаға тастап кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, үй жануарларын мемлекеттік деңгейде стерильдеу жақсы шешім болар еді», – дейді Олеся.
Ал әзірге Олеся өзінің мүмкіндігінше жануарларды стерильдеуге атсалысып жүр. Жауапты қожайын секілді өзі тауып алған мысықтарға жасалатын операцияға ақша табуға тырысады, себебі, бұл – қаңғыбас ит-мысықтардың одан әрі көбеймеуінің бірден бір жолы болып тұр.
«Жануарларға жақсылық жасайық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.
Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.
Біздің жобаға сіз https://chat.whatsapp.com/IdfTPIpLCqdDD8pusalsBJ сілтемесі арқылы қосыла аласыз.
Последние новости Шымкента:
По сообщению сайта Vera.kz