Әлем чемпионаты финалының ремейкі және Қазақстан УЕФА Ұлттар Лигасы көшбасшылығында 09 июня 2022, 20:00

Дата: 09 июня 2022 в 20:13 Категория: Новости спорта


Маусым айында УЕФА Ұлттар Лигасының ұтыс ойыны басталды. Турнир 16 құрамадан тұратын үш лигадан және жеті команда болатын төртінші лигадан тұрады. Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңнің жеребесі өткен жылдың 16-желтоқсанында Ньонда өткен болатын.

Турнирдің топтық кезеңі бастапқыдан қызықты жайттарғы толы болды. Соңғы жылдардағы футбол тарихындағы ең жарқын матчтардың қайталануы күтілуде. Мысалы, 11-маусымда 2020 жылғы Еуропа чемпионатының ремейк финалы өтеді, себебі «Уэмбли» стадионында A3 тобының матчында Англия мен Италия ойнайды. Британдықтар өткен жылдың ең ауыр жеңілісі үшін кек алуға қуанышты болатыны сөзсіз.

1XBET компаниясы бұл нәтижеге сенеді және Гарет Саутгейт командасының мүмкіндіктерін 1.848-ге бағалайды. Италия жеңісіне 4.94 коэффициенті, ал тең шотқа — 3.66.

Тағы бір қызықты афиша — 2018 жылғы әлем чемпионаты финалының қайталануы. Франция мен Хорватия A1 мықты тобында ойнайды. Үйде хорваттар матчты теңестірді. Адриан Рабьо 52-минутта есеп ашты, ал 83-минутта Андрей Крамарич статус-кво — 1:1 орнатты. Енді француздар үйде үш ұпай жинай ала ма? 14-маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те білеміз.

Францияға 1XBET сайтында осы матчта 1.54 қоюға болады, тең шотқа 4 коэффициент ұсынылады, ал Хорватияның жеңісі үшін 6.9.

Қазақстан ұлттық құрамасына келетін болсақ, команда УЕФА-дағы тарихындағы ең табысты старт берді. Магомед Адиевтің командасы алдымен «Астана-Аренада» Әзірбайжанды 2:0 есебімен жеңсе, кейін сырт алаңда Словакияның мықты құрамасын 0:1 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан C3 тобының турнирлік кестесін жеке-дара басқарып қана қоймай, «құрғақ» матчтар бойынша рейтингте көш бастап тұр.

Қазақстандық жанкүйерлер екі кездесуде де керемет қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. «Астана Аренада» және Антон Малатинский стадионында біздің отандастарымыз командаға барынша қолдау көрсетті, бұл оларға қосымша күш берді.

Енді Қазақстан Беларусь құрамасына қарсы үшінші жекпе-жек өткізеді. Матч 11-маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:45-те Сербияның Нови-Сад қаласында бейтарап аумақта өтеді.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий құрама қазақстандықтарды тағы да қуантуға тырысады деп уәде берді:

«Алдыңғы матчтарда біз шын мәнінде «Күш-бірлікте» қағидасын қолданылатын команда екенімізді көрсеттік. Алда тағы екі матч бар, онда ұпай жинау керек. Жанкүйерлерімізді жаңадан қуантуға тырысамыз. Олар ұлттық құраманың жеңістерін көруге, оның жетістіктеріне қуануға лайық», —  деді Шацкий.

1XBET компаниясы белорустардың жеңісіне 2.56, Қазақстанға 3.052 коэффициентімен жеңіске жету мүмкіндігін бағалайды және тең есепке 3.04 береді.

Біздің құрамаға жеңіс сериясын жалғастыруды тілейміз!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET-пен бірге өз фавориттеріңді қолда!

По сообщению сайта Tengrinews