Шығыс Қазақстан облысында «Нерест — 2022» жедел-профилактикалық шарасы өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған іс-шараның мақсаты балық және балық ресурстарын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау болып табылады.
«Операция басталғаннан бері ШҚО-да балық ресурстарын заңсыз аулаудың 195 құқық бұзушылығы анықталды. 187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды», – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Жалпы, «Нерест» ЖПІШ кезінде полиция құқық бұзушылардан 2 тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы 10 млн.теңгеден асты.
Балық аулау нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 383-бабы) ғана емес, қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 335-бабы) те қарастырылғанын.
ШҚО Полиция департаменті азаматтардан табиғи байлықты сақтау мақсатында тыйым салынған аралықта балық аулаудан бас тартуға шықарды.
Естеріңізге сала кетейік, «Нерест -2022» жедел алдын алу шарасы ШҚО-да 2022 жылдың 16 сәуірінен 30 мамырына дейін өтуде.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press