Құрметті тұтынушылар! «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық қәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РМК N 370-ОД бұйрығымен 2022-2026 жылдарға арналған 5-жылдық кезеңге шекті тарифтер енгізілгенге дейін аралық кезеңге арналған инвестициялық бағдарламаны өзгерту арқылы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтер төмендетілді (ҚҚС қоса алғанда): — магистральдық құбырлар, тарату желілері арқылы сумен жабдықтау қызметтері үшін (ауыз су) 143,14-тен 118,15 теңге/текше м дейін; — сарқынды суларды бұру және тазарту қызметтері үшін 132,24-тен 105,67 теңге/текше м дейін. Оның ішінде тұтыну топтары бойынша сараланған тарифтер бекітілді: * магистральдық құбырлар, тарату желілері арқылы сумен жабдықтау қызметтері үшін (ауыз су): — тұрғындар — 63,20 теңге/текше м — жылу энергиясын өндірумен айналысатын кәсіпорындар — 77,24 теңге/текше м — басқа тұтынушылар — 228,68 теңге/текше м — бюджеттік мекемелер — 603,13 теңге/текше м. * сарқынды суларды бұру және тазарту қызметтері үшін: — тұрғындар — 49,19 теңге/текше м. — басқа тұтынушылар — 135,71 теңге/текше м. — бюджеттік мекемелер — 761,89 теңге/текше м. «Қостанай-Су» МКК әкімшілігі
По сообщению сайта Костанайские Новости