Популярные темы

Абай облысының педагогі инклюзия саласындағы қызметі үшін марапатталды

Дата: 15 апреля 2025 в 15:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының педагогі инклюзия саласындағы қызметі үшін марапатталды
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы білім беру ұйымдарының ұжымдарымен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында министр инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын атап өтіп, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды бөлісті.

Министр инклюзивті білім беруді дамыту – тең мүмкіндіктер қағидатына негізделген маңызды қадам екенін атап өтіп, заңнаманы жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту және педагог кадрлардың әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Кездесу соңында ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуде кәсіби шеберлік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогтерге министрдің ведомстволық марапаттары табысталды.

Олардың қатарында Абай облысы, Семей қаласындағы №6 арнайы мектеп-интернатының педагогі Балжан Бекбосынова да бар. Ол ерекше білім беруді дамыту ісіне қосқан үлесі үшін құрметке ие болды.

2025 жылдың күзіне Алматы қаласында алғаш рет Инклюзия бойынша Бүкіләлемдік конгресс өткізу жоспарланып отыр. Ірі халықаралық жиынға шетелдік білім министрлері мен инклюзия саласындағы сарапшылар қатысады деп күтіледі.

Сурет: Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями