Популярные темы

Пойыз әйелді басып кетті: Семейде қылмыстық іс қозғалды

Дата: 15 апреля 2025 в 14:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Пойыз әйелді басып кетті: Семейде қылмыстық іс қозғалды
Стоковые изображения от Depositphotos

2024 жылғы 14 сәуірде Семей қаласында әлеуметтік желілерде ауыр қайғылы жағдай туралы ақпарат кеңінен тарады – «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде әйел адам пойыз астында қалып, көз жұмды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Мессенджерлерде тараған видеожазбада әйел адамның тоқтап тұрған пойыздың астынан өтпек болып, сол сәтте пойыздың қозғалып кеткені анық байқалады.

Абай облысы бойынша көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

«Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша – темiржол көлiгi қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, адам өліміне әкеп соққан әрекет фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда аталған іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.

Сурет: Жасанды интеллект көмегімен жасалған 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями