
Стоковые изображения от Depositphotos
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 584 шетелдік азамат жұмыс істейді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері:
«Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 569 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 711 және 1 010 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 563 адам тартылды», — деп хабарлады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар. Оларда 377,6 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,5% – ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 052 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 296 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 281 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 263 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 975 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2%, 14,8 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
Сурет: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
По сообщению сайта Arna Press