
Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Азамат Қасым тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.
2009-2017 жылдары – «Шығыс Ақпарат» ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.
2017-2020 жылдары — республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.
2020-2021 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.
2021-2022 жылдары — республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.
2022-2024 жылдары — «Хабар агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.
2024-2025 жылдары — Абай облысы әкімінің кеңесшісі.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press