Популярные темы

Табиғи монополия субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды

Дата: 18 марта 2025 в 13:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Табиғи монополия субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды
Стоковые изображения от Depositphotos Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің жергілікті тізіліміне енгізілген және су беру және сарқынды суларды бұру бойынша қызметтер көрсететін «Жуалы–су» КМК тарапынан бұзушылықты анықтады. Талдау кәсіпорынның бекітілген тарифтік сметаны орындамағанын көрсетті, бұл «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына қайшы келеді, оған сәйкес тарифтік сметаны орындау міндетті болып табылады. Осыған байланысты, «Жуалы–су» КМК қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс қысқартылған тәртіппен қаралды, өйткені айыппұл жеті тәулік ішінде жалпы соманың 50% мөлшерінде төленді. Нәтижесінде айыппұл 590 720 теңге көлемінде мемлекет кірісіне өндірілді.
Исаков Мират Нұрғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің заңнаманың сақталуын бақылау, талап-арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы.

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями