Популярные темы

Табиғи монополия субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, нұсқама енгізілді

Дата: 18 марта 2025 в 13:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Табиғи монополия субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, нұсқама енгізілді
Стоковые изображения от Depositphotos Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің жергілікті тізіліміне суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды (ағымды) суды алып кету және тазалау қызметтері бойынша енгізілген «Жамбыл су» КМК тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша бұзушылықты анықтады. Тексеру нәтижесі кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілеп ақша алғанын көрсетті, бұл «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына қайшы келеді, оған сәйкес табиғи монополия субъектісі ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге міндетті болып табылады.
Жоғарыдағының негізінде, «Жамбыл су» КМК қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, нұсқама енгізілді. 
Мышбаев Ердос Кәдірқұлұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің заңнаманың сақталуын бақылау, талап-арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы.

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями