Популярные темы

Семейде әскери оркестр нәзік жандыларды құттықтады

Дата: 06 марта 2025 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде әскери оркестр нәзік жандыларды құттықтады
Стоковые изображения от Depositphotos

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу алдында Абай гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласы бойынша Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрімен бірігіп, қаланың ірі сауда ойын-сауық орталықтарына барды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Әскери оркестрдің әскери қызметшілері адамзаттың әдемі жартысына арналған заманауи туындыларын ойнап, музыкалық аспаптардан шыққан әуендер мерекелік атмосфера мен көңіл-күйді жаудрата түсті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің офицерлері сүйкімді ханымдарға қызғалдақ сыйлап, келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Әскери оркестрдің қатысуымен осындай күтпеген құттықтаулар алу өте қуанышты. Жанды музыка, жанды эмоциялар және ең бастысы Семей қаласының сүйкімді ханымдарын шын жүректен құттықтау. Барлық әскери қызметшілерге алғысымызды білдіреміз» — деді сауда ойын-сауық орталығына келуші Ирина Жукова.

Барлық келушілер қуанып, шығармаларды смартфондарға түсірді, тіпті дыбыстық музыкаға билегендер де болды.

Сурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями