Популярные темы

1 қазаннан бастап коллекторлар жұмысында не өзгереді?

Дата: 06 августа 2024 в 22:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


1 қазаннан бастап коллекторлар жұмысында не өзгереді?
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазанда коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу ережесі күшіне енеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

1 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары күшіне енеді.

Жаңа қағидаларға сәйкес, коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған сәттен бастап 30 күн ішінде борышкерге оның міндеттемені орындау талаптарын өзгертуге өтініш беру құқығы туралы хабарлауға міндетті болады.

«Азаматтардың биылғы 1 қазанға дейін сатып алынған берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер берешекті реттеу рәсімін өткізу туралы міндет енгізілген сәттен бастап 20 күн ішінде (биыл 1 қазан) өз борышкерлерін міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы тиісті өтініш беру құқығы туралы хабардар етуге міндетті болады», — делінген хабарламада.

Борышкер хабарламаны алғаннан кейін кез келген уақытта міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ берешекті реттеудің өз нұсқаларын көрсете отырып, коллекторлық агенттікке тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Өтінішке міндетті түрде кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелерін орындай алмайтындығын куәландыратын растайтын құжаттар қоса берілуі керек.

Егер борышкер мәліметтер мен құжаттарды толық көлемде өткізбесе, онда коллекторлық агенттік 10 жұмыс күні ішінде қосымша мәліметтерді сұратады, бұл ретте борышкердің оларды ұсыну мерзімін 5 жұмыс күні деп көрсетеді. Құжаттарды тиісті мерзімде ұсынбау – борышкердің өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз.

Толық құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін коллекторлық агенттік өтінішті күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және мыналар туралы:

қарыз алушы ұсынған міндеттемелерді орындаудың талаптарына өзгерістермен келісетіні;

міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсынысы;

бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тартатыны туралы жауапты ұсынады.

«Шешім қабылдау кезінде коллекторлық агенттік борышкерлер санаты (мысалы, ресми жұмыссыз, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері), қажетті құжаттар тізбесі және борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар айқындалатын ішкі құжаттарды басшылыққа алады. Бұл ақпарат коллекторлық агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс».

Сондай-ақ, қағидалар коллекторлық агенттіктің жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту құқығын көздейді. Бұл талаптар айыппұлдарды, өсімпұлдарды және комиссияларды азайтуды немесе олардың күшін жоюды, борышты және пайыздарды толығымен немесе ішінара кешіруді, негізгі борыш пен пайыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қамти алады.

Жақсарту талаптарын қолдану кезінде коллекторлық агенттік бұл туралы борышкерге хабарлауға міндетті. Келіспеген жағдайда борышкер хабарламаны алған күннен кейін  14 күн ішінде Агенттікке өтініш жібере отырып, бас тартуға құқылы.

Фото:depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями