Популярные темы

Ақпараттық технологияларды дамыту-сот жүйесі үшін басым бағыт

Дата: 19 июня 2024 в 13:28 Категория: Новости высоких технологий


Ақпараттық технологияларды дамыту-сот жүйесі үшін басым бағыт
Стоковые изображения от Depositphotos Бүгінгі таңда қарыштап дамып келе жатқан, болашағы зор сала ақпараттық технологиялар саласы екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Бұл саланың берері мол екеніне көздері жеткен көптеген дамушы елдер қаржысын да, ресурсын да аяап жатқан жоқ. Осы елдердің арасында Қазақстанда бар. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берері артықшылықтары көп. Біріншіден, сандық технологияларды мемлекеттік органдардың қызметіне енгізген, тиімді болатыны және қызмет көрсету денгейі жоғарлайтыны сөзсіз. Екіншіден, қарапайым тұрғындардың сандық технологияларды меңгеру дамыған сайын қажетті ақпараттқа қол жеткізу және үкіметпен байланыс орнату барысында елеулі ілгерушілік пайда болады. Үшіншіден, ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басарымызға күмән жоқ. 
Соңғы жылдары Жоғарғы сот заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық ісқағаздарды жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн. Қазір, күнделікті сот тәжірбиесінде соттар IT-технологиялар және ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастаған. Себебі, жаңа технологиялар сот ісін жүргізу уақытын елеулі түрде қысқартып, сот жұмыстарының көрсеткіштері оңтайландырады, ең басты, халықтың қолжетімділігі қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологияларды дамыту сот жүйесі үшін басымды бағыты болып табылады. Себебі ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оңтайландыру және автоматтандыру, оған қоса бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы — Д.М.Оразбаева.

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Новости высоких технологий
Поделитесь новостью с друзьями