Популярные темы

Қазақстанда босқын куәлігінің үлгісі бекітілді

Дата: 30 мая 2024 в 14:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда босқын куәлігінің үлгісі бекітілді
Стоковые изображения от Depositphotos

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 22 мамырдағы бұйрығымен босқын куәлігінің үлгісі және оны қорғауға қойылатын талаптар бекітілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Босқын куәлігі машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес дайындалады.

Босқын куәлігі көлемі 88х125 мм брошюраны білдіреді және форзацтар мұқабасына желімделген мұқабадан және 6 парақтан (12 беттен) тұрады.

Босқын куәлігінің мұқабасы тозбайтын материалдан жасалады, мұқабасы көк түсті.

Босқын куәлігінің алдыңғы мұқабасының беткі жағында:

жоғары бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

ортасында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

төменгі бөлігінде – қазақ және ағылшын тілдерінде:

Жазулар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі алтын түсті фольгамен өрнектеліп орындалады.

Босқын куәлігінде жазулардың сақталуын арттыру немесе босқын куәлігін және онда жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін арнайы әзірленген элементтер қолданылған.

Босқын куәлігінің беттері «KAZ» ою-өрнегі» элементі түріндегі контрасты жоғары су белгісімен қорғалған, кәдімгі жарықта қошқыл-қызыл түс болып көрінетін флуоресцентті талшықтардан тұратын сапасы жоғары сұрыпты қағаздан дайындалған.

Бұйрық 2024 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями