Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстанда темекі, сондай-ақ папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Құжат бойынша, 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға: 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін 820 теңге; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге болады.
Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға жіберіледі.
Еске салайық, қазір Қазақстанда бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 770 теңге болады.
Сурет: depositphotos.com
По сообщению сайта Arna Press