Популярные темы

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды

Дата: 20 мая 2024 в 20:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан Үкіметі «Қазгидрогеология «Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» 2024 жылғы 23 сәуірдегі қаулыға қол қойды,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын», — делінген құжатта.

КЕАҚ қызметінің негізгі нысаналары жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология және геосүзілу модельдері саласындағы дерекқорларды және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, оларды басқару жүйелері саласында тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелер құру болып айқындалды.

КЕАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» РМК балансында тұрған республикалық мүлік есебінен белгіленді.

Сурет: pixabay

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями