Популярные темы

Жыл басынан бері 600 мың га астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

Дата: 17 мая 2024 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жыл басынан бері 600 мың га астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Мұндай мәлімет вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі отырыста айтылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап

2024 жылдың басынан бастап АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері жалпы ауданы 321,5 мың га жер пайдаланушыларға қатысты 350 жоспардан тыс тексеру жүргізді.  Тексеру қорытындысы бойынша 192,9 мың га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 210 ұйғарым енгізілді. 2024 жылдың басынан бері 645,3 мың га пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Бұрын берілген ұйғарымдар бойынша биыл 102,5 мың га алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды, 477,0 мың га алаңда мәжбүрлеп алу бойынша сот талқылаулары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Сурет: primeminister.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями