Популярные темы

Абай облысында инвестиция көлемі артқан

Дата: 26 марта 2024 в 17:18 Категория: Новости экономики


Абай облысында инвестиция көлемі артқан
Стоковые изображения от Depositphotos

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті» РММ басшының орынбасары Данияр Бейсембаев облыстың 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Өңірлік коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 352,6 млрд. тенге болған. 2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 568,9 млрд. теңгеге жетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 32,7%-ға көп.
 

«2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда ақпарат бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 571,3 млрд. теңге болды. Өткен жылы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 535,7 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ауылшаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 534,5 млрд. теңге көрсетті», — деді спикер.



 Құрылыс жұмыстарының көлемі 228,1 млрд. теңгені құрады, 2022 жылға қарағанда 19,1%-ға артық. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 6,8% көбейіп, 363575 шаршы метрді құрады.

«Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 228,1 млрд. теңгеге шықты. Мердігерлік жұмыстардың облыстық көлеміндегі үлесінің 98% жеке меншік нысандағы кәсіпорындарға, 0,8% мемлекеттік кәсіпорындарға және 1,2% шетелдік кәсіпорындарға тиесілі. Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты 64%,құраса, республикалық бюджет қаражаты – 9,2%, жергілікті бюджет қаражаты – 12,2%, банк несиелері – 3,1%, және өзге де қарыз қаражаттары – 11,5%-ды құрады», — деп қорытындылады Данияр Бейсембаев.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 607 556 адамды құрады. Оның ішінде 372 537 қала тұрғындары (61,3%) және 235 019 ауыл тұрғындары (38,7%).

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями