Популярные темы

Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты

Дата: 11 марта 2024 в 19:48


Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты
Стоковые изображения от Depositphotos

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Бишімбаев өз ісін ашық процесте БАҚ қатыса алатын алқабилер соты қарағанын қалайтынын айтты.

Айта кетейік, 16 қаңтарда айыпталушыға тағы бір қылмыстық бап – «Қинау» (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу басталды. Кейін «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» — 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол — Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями