Популярные темы

Абай облысында жалған «полиция қызметкерлері» ер адамды алдап кетті

Дата: 16 февраля 2024 в 11:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында жалған
Стоковые изображения от Depositphotos

Жалған «полиция қызметкерлері» ер адамды алдап, ақшасын иемденіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар азаматтың жеке деректерін біліп алып, содан кейін оның шотынан 925 мың теңге шешіп алған.

Жарма ауданының тұрғынын белгісіз адамдар тоқтатып, олар тәртіп сақшылары болып танысып, одан жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуын сұраған. Жәбірленушінің құжаттары мен биометриялық деректерін суретке түсіргеннен кейін күдіктілер кетіп қалған.

Ер адамның шотынан ақша алынғаннан кейін, ол жалған полицейлерге тап болғанын түсініп, «102» арнасына жүгінді.

Абай облысы Жарма ауданының жедел уәкілдері күдіктілердің ізіне жылдам түсіп, оларды ұстады. Белгілі болғандай, алаяқтықпен БҚО-ның үш тұрғыны айналысқан.

Қазіргі уақытта жастар қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың ұқсас қылмыстарға қатысуы анықталуда.

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями